Семейде «Семей көктемі» фестивалінің ашылуы өтеді

Дата: вчера в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары 14 наурыз – Қауышу күніне орай ұйымдастырылатын «Семей көктемі» фестивалінің ашылуына шақырады, бұл туралы мәдениет басқармасы жазды, деп хабарлайды Arnapress.kz

Іс-шара Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтеді. Фестивальдің басталуы – сағат 11:00-де.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктемнен бастап облыс орталығында мәдени-көпшілік іс-шаралар төрт мезгілге бөлінген мәдени маусым аясында ұйымдастырылмақ. Фестиваль барысында кең көлемді театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Фото: Мәдениет басқармасы

По сообщению сайта Arna Press