Астана әуежайындағы жөндеу: Air Astana рейстер кестесін уақытша өзгертеді

Дата: вчера в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Air Astana жолаушыларға Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін ескертті. Бұл туралы компанияның Telegram — дағы арнасында мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.

Әуекомпанияның мәліметінше, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылады. Осыған байланысты бірқатар ішкі және халықаралық рейстердің ұшу уақытына өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына орындалатын ішкі рейстерге, сондай-ақ Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттары бойынша халықаралық тұрақты рейстерге қатысты.

Компания өкілдері өзгеріс енгізілген рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы жеке хабардар етіліп жатқанын атап өтті.

Рейстің мәртебесін келесі байланыс арналары арқылы нақтылауға болады:
– help.airastana.com;
– +7 727 244 4477;
– +7 702 702 4477;
– +7 727 244 4478 (рейс кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда);
– +7 702 702 0074 (WhatsApp);
– airastana.com сайтындағы онлайн-чат.

Айта кетейік, бұған дейін Астана халықаралық әуежайы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Фото: жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press