Буде-Глимтің ертегісі жалғасуда

Дата: сегодня в 04:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесулердің алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

Автор: Кульбаев Дамир

Келесі айналымға «Атлетико», «Буде-Глимт», «Байер» және «Ньюкасл» жолдама алды. Өткен маусымның финалисі «Интер» үшін еурокубоктік дода аяқталды. Ал биылғы турнирдің тосын клубы саналатын «Буде-Глимт» сенсациялық серпінін жалғастырып келеді: әуелі «Атлетико», кейін «Манчестер Сити», енді міне миландықтар да олардың қарқынына төтеп бере алмады.

«Ньюкасл» мен «Карабах» арасындағы текетіресте күтпеген жағдай тіркелген жоқ. Ағылшын клубы екі матч қорытындысы бойынша 9:3 есебімен айқын басымдық танытты. Ертең плей-оффтың қалған жұптары сынға түсіп, 1/8 финалдың соңғы қатысушылары белгілі болады.

25 ақпан

22:45 (Астана уақытымен) «Аталанта» – «Боруссия Дортмунд». Алғашқы ойын: 0:2

01:00 «ПСЖ» – «Монако». Бірінші кездесу: 3:2

01:00 «Ювентус» – «Галатасарай». Алдыңғы матч: 2:5

01:00 «Реал Мадрид» – «Бенфика». Алғашқы нәтиже: 1:0

По сообщению сайта SportInfo