Пойыздарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі

Дата: 24 февраля 2026 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді, деп хабарлады Arnapress.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.

«Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады», — деп жазылған хабарламада.

Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press