2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Бұл жарыс жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдайтын маңызды белес болды. Абай облысының балуандары чемпионатта жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аймақ намысын абыроймен қорғады.
80 келі салмақта Төлеуғали Әлинұр жеңімпаз атанды. Әлинұрмен тілшіміз әңгімелесіп, оның дайындығы мен спортқа деген құштарлығы туралы білді.
«Мен Абай облысы, Аягөзде туып-өстім. Кішкентай кезімнен спортқа жақын болдым. 1 сыныптан бастап кәсіби түрде дайындала бастадым. Жеңіске жету — еңбектің, тердің нәтижесі. Жаттықтырушыларыма алғысым шексіз. Алдағы уақытта да биіктерден көрінеміз деп сенемін», — дейді Әлинұр.
Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)
Чемпионат жас спортшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындықтарын бағалаудың маңызды алаңы болды дейді жаттықтырушылары да.
«Жаттыққан балалар өз деңгейін дәлелдеді. Ел ордада өнерлерін көрсету – олардың табандылығы мен күш-жігерінің нәтижесі. Әрбір жеңіс – бұл тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл Абай облысының намысын қорғау. Біздің басты мақсат – оларды тек медальмен ғана емес, халықаралық деңгейде өнер көрсетуге лайықты дайындықпен қамтамасыз ету. Болашақта да осы балалар елімізді халықаралық ареналарда танытатынына сенімім мол,» – деді жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Тлекенов Қуат
Фото, видео: Төлеуғали Әлинұр
По сообщению сайта Arna Press