Жаңа Конституция бойынша референдум: бюллетеннің үлгісі жарияланды

Дата: вчера в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумға арналған бюллетень үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап

Бюллетеньде: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ берілген.

Дауыс берушілерге екі жауап нұсқасы ұсынылады: «Иә, қабылдаймын» және «Жоқ, қабылдамаймын». Азаматтар таңдаған жауаптың оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.

Сұрақ пен жауап нұсқалары қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

Фото: жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press