Шорт-трек: Ольга Тихонова және Яна Хан 2026 жылғы Олимпиадада жарыс жолын аяқтады

Дата: сегодня в 11:06 Категория: Новости спорта


Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада шорт-тректен 1500 қашықтықта ширек финалдық сайыстар өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл сында ел намысын Ольга Тихонова және Яна Хан қорғады.

Айта кетейік, жартылай финалға шығу үшін 1–3-орын алу немесе төртінші орын иегерлері арасында ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеу қажет еді.

Нәтижесінде Яна Хан өз тобында 5-орын алып, жарыс жолын аяқтады. Ал Ольга Тихонова өз жарысында 4-орын алып, жартылай финалға өте алмады.

По сообщению сайта SportInfo