Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды

Дата: сегодня в 06:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.

Жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.

По сообщению сайта SportInfo