Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады

Дата: 15 февраля 2026 в 00:06 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.

Спортшыларымыз алғашқы жұпта жарыс жолына шықты. Алайда қашықтық барысында құлап, мәреге жете алмады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтап, 7–8-орындар үшін Қытай құрамасымен финал D кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалға үздік төрт құрама өтті. Канада, Жапония, Нидерланд және АҚШ құрамалары жүлдеге таласады.

По сообщению сайта SportInfo