Тау шаңғысынан Қазақстан құрамасының өкілі Ростислав Хохлов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Отандасымыз слалом-гигантта ел намысын қорғады.
Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлдеге ие болады.
Жарыс нәтижесінде Ростислав Хохлов 2:47.36 уақыт көрсеткішімен 51-орынға тұрақтады.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша бразилиялық Лукас Пиньейро Бротен Олимпиаданың алтын жүлдегері атанды — 2:25.00. Күміс жүлде швейцариялық Марко Одерматтқа бұйырса (2:25.58), ал оның отандасы Лоик Мейар қола медальға ие болды — 2:26.17.
По сообщению сайта SportInfo