Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті

Дата: 14 февраля 2026 в 19:56 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бұл сында ел намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады.

Қазақстандық шаңғышы қыздар 15-орынға ие болды.

Жарыста Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Швецияға бұйырды. Финляндия үшінші болып мәреге жетті.

По сообщению сайта SportInfo