Ауқымды жоба Абай өңірінің рухани келбетін айшықтап, мәдени-көпшілік шараларда шырқалатын заман талабына сай лирикалық әуендерді дүниеге әкелуді мақсат етеді деп хабарлайды Arnapress.kz мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Байқау екі бағытта өтеді:
«Киелі Абай елі» — өңірдің рухани болмысын ашатын патриоттық ән жазу;
«Trend әуен» — мәдени-көпшілік шараларға арналған заманауи лирикалық ән жазу.
Байқауға 18 жастан асқан кәсіби ақындар, композиторлар мен әншілер қатыса алады. Өтінімдер 2026 жылдың 30 наурызына дейін ocnt.oblastabay23@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қорытынды гала-концерт Семей қаласында өтеді.
Жүлде қоры әр бағыт бойынша бір жеңімпазға — 5 000 000 теңге. Сондай-ақ жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абай елінің киелі мекендері мен көрікті жерлерін жырға қосқан, өңірдің рухани мұрасын арқау еткен туындыларға басымдық беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
8 707 170 2098 — Жасұлан Тлеубайұлы
8 707 206 18 99 — Қайсар Беделхан
«Ұлылар елі» — Абай елінің жаңа үні болмақ.
Фото: Arnapress.kz
По сообщению сайта Arna Press