Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз

Дата: сегодня в 01:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылдың 9 маусымында күні тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың «Түркістан Арена» стадионында жүздесеміз.

Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

По сообщению сайта SportInfo