2026 жылғы Олимпиада: қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Дата: сегодня в 00:06 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен — Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.

Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды — 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды — 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді — 1:13.95.

По сообщению сайта SportInfo