«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады деп хабарлайды Arnapress.kz «Қорғас» ШЫХО әкімшілігіне сілтеме жасап.
Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне және осы кезеңде «Қорғас» ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты болмақ.
Аталған уақытта Қазақстан тарапында туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Қорғас» ШЫХО 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады, – деп хабарлады әкімшілік.
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды
По сообщению сайта Arna Press