Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды

Дата: сегодня в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан балаларды зиянды контенттен қорғау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қабылданған заңдар аясында балалардың жеке деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілген. Сонымен қатар балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды ақпараттан қорғау мақсатында олардың әлеуметтік желілерді пайдалануын жас ерекшелігіне қарай шектеуге қатысты заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

Премьер-министр бұл бағытта формальдылыққа жол бермей, нақты әрі батыл шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

По сообщению сайта Arna Press