Ербол Мырзабосынов: Әкімдіктер «орнаттық» деген дәретхананың көбі жабық болып шықты

Дата: сегодня в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында туристік аймақтардағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың сын көтермейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, өңірлерде атқарылған жұмыстар көбіне формальды түрде ғана көрсетіліп отыр. Әкімдіктер «орнатылды» деп есеп берген дәретханалардың басым бөлігі іс жүзінде жабық немесе пайдалануға жарамсыз болып шыққан.

 Кейбір аймақтарда абаттандыруға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер бар. Дәретханалар мен қоқыс контейнерлерінің жетіспеуі — соның айқын көрінісі. Жағажай аумақтары көбіне жабдықталмаған әрі аймақтарға бөлінбеген. Бұл мәселе барлық өңірге тән, — деді Ербол Мырзабосынов.

Министр туристік инфрақұрылымды дамытуда жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

По сообщению сайта Arna Press