18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының матчтар кестесі

Дата: сегодня в 09:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


2026 жылғы 19–24 қаңтар аралығында Стамбул қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы хоккейден IIA дивизионындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚХФ сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл турнирде біздің қыздар бірінші дивизионның «Б» тобына жолдама алу үшін бақ сынайды. Бір жыл бұрын Мария Федоренконың шәкірттері жарыстың «күміс» жүлдесін жеңіп алған болатын. 

Қазақстан құрамасы ойындарының кестесі:

2026 жылғы 19 қаңтар, 18:30 – Қазақстан – Жаңа Зеландия

2026 жылғы 20 қаңтар, 15:00 – Қазақстан – Латвия

2026 жылғы 22 қаңтар, 22:00 – Қазақстан – Түркия

2026 жылғы 23 қаңтар, 18:30 – Нидерланд – Қазақстан

2026 жылғы 25 қаңтар, 18:30 – Корея – Қазақстан

*Қазақстан уақыты көрсетілген

По сообщению сайта SportInfo