Петропавлда жаңартылған теннис орталығы жұмысын бастады

Дата: сегодня в 10:46 Категория: Новости спорта


Петропавлда күрделі жөндеуден кейін теннис орталығы ашылды. Енді нысан халықаралық талаптарға толық сай келеді. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов былай деп атап өтті:

«Біздің теннис корттарындағы қолайсыз жағдайдың салдарынан теннис орталығы ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрды. Бүгін мұнда жасалған барлық жағдай осы алаңда облыстық, респубикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Біз балаларымыз осынау ашық заманауи кеңістікте спортпен айналысып, өз мүмкіндігін кеңейтуі және еліміздің жаңа чемпиондарын тәрбиелеу үшін күрделі жөндеу жүргіздік». 

Ашылу рәсімінен кейін жаңартылған корттарда алғашқы жарыс – әкім кубогы бастау алды. Турнирге Астана, Алматы, Көкшетау және Қарағанды қалаларынан 64 жас теннисші қатысуда. 

Диас Досқараевтің сөзіне қарағанда, 2026 жылы 12 қаңтарда орталық базасында 15 елден спортшылардың қатысуымен екі халықаралық турнир өткізу көзделіп отыр. Қазіргі кезде орталықта 300-дей адам жаттығуда. Теннис жаттығулары сондай-ақ келешек мектептерінде жүргізілуде, оларда барлық тілек білдірушілер үшін секциялар жұмыс істейді. Болашақта әкімдік пен теннис федерациясының қолдауымен мектеп лигасы құрылады.

«Бұл тарихи қадам, мұнда біз балалардың 1-3 сыныптан бастап тенниспен айналысуына жағдай жасаймыз. Жаттығу үдерісін жолға қойғымыз келеді, аптасына үш рет оқушылар бір сағат бойы айналысады, содан кейін фестивальді тоқсан сайын өткізуге көшеміз. Теннис орталығының балалары турнирлерге қатысатын болады. Содан кейін осы жеткіншектер республикалық, сондай-ақ халықаралық жарыстарда бақ сынайды», деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

По сообщению сайта SportInfo