«Сіздің жаңалығыңыз» айдарындағы белсенділік үшін сыйлық алыңыз: Arnapress.kz семейліктерге арналған конкурс жариялайды

Дата: вчера в 20:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Arnapress.kz редакциясы Семей қаласының оқырмандары арасында конкурс ұйымдастырады.

Егер сіз маңызды оқиғаға немесе төтенше жағдайға куә болсаңыз, қаламызға қатысты қызықты жаңалығыңыз бар болса, мәселеге назар аудартқыңыз келсе немесе оның шешу жолын көрсеңіз — бізге жазыңыз және сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Ай соңында екі белсенді авторды таңдаймыз.

Конкурсқа дайын, ресімделген мәтіндік материалдар қабылданады.

Тақырып ауқымы жоғарыда айтылғандармен шектелмейді — өз идеяларыңызды да ұсына аласыз.

Материалдарды WhatsApp нөміріне жіберіңіз: 8 708 504 30 05, «Конкурс «Сіздің жаңалығыңыз» деген белгімен.

Ескерту:

Егер сіздің материалыңыз барлық талаптарға сай болса, сізге арнайы жауап хабарлама жіберіледі. Редакция материал талаптарға сай келмеген жағдайда қабылдамау немесе мәтінді өңдеу құқығын өзінде сақтайды.

Маңызды: Конкурске жіберілетін материалдар эксклюзивті болуы тиіс — яғни Arnapress.kz және Instagram @arnapress_news платформаларынан басқа жерде жарияланбауы керек. Конкурс аясында жасалған мәтін, фото және видеоматериалдардың авторлық құқығы Arnapress.kz-ке тиесілі. Редакция мәтінді жариялау алдында редакциялық түзетулер енгізе алады.

Конкурс қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталады:

• Жеңімпаздар — сайтта ең көп «Сіздің жаңалықтар» жарияланған ең белсенді авторлар.

• «Сіздің жаңалықтарды» жинау — 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін;

• Қорытынды шығару;

• Жеңімпаздарды марапаттау — 2025 жылғы 26 желтоқсан.

Қорытынды нәтижелер Arnapress.kz сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Жеңімпаздарға жеке хабарланады.

Екі ең белсенді қатысушыға демеушілеріміз «Додо Пицца Семей» өз сыйлықтарын табыстайды.

Ал екі жеңімпаздың ішіндегі ең-ең белсенді автор «Радио7» студиясына қонақ ретінде тікелей эфирге шақырылады.

 

По сообщению сайта Arna Press