Дастан Сатпаев – УЕФА Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үздік үштігінде

Дата: 27 ноября 2025 в 03:56 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Данияда өткен «Копенгагенге» қарсы 5-тур ойынында (2:3) «Қайрат» Академиясының түлегі Еуропаның басты клубтық жарысында алғашқы голын соқты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қайрат» ФК сілтеме жасап хабарлайды. 

Гол соққан сәтте Дастанның жасы 17 жас 110 күн еді – бұл көрсеткіш бойынша ол тек «Барселона» футболшыларына ғана жол береді.

 Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар ТОП-3*:

1️⃣ Ансу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн

2️⃣ Ламин Ямаль («Барселона») – 17 жас 68 күн

3️⃣ Дастан Сатпаев («Қайрат») – 17 жас 110 күн

* – Тізімге тек топтық кезеңнен бастап соғылған голдар енгізілді.

 Бұл гол Дастанға тағы бір маңызды жетістік әкелді – ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.

По сообщению сайта SportInfo