Шадияр Пернеш еркін күрестен Сурдлимпиада чемпионы атанды

Дата: 24 ноября 2025 в 14:36 Категория: Новости спорта


Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындар аясында еркін күрестен сайыстар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: бір «алтын», бір «күміс» және үш «қола». Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. 

65 келіге дейін салмақ дәрежесінде Шадияр Пернеш Сурдлимпиада чемпионы атанды. Финалдық белдесуде ол ирандық Кейван Ростамабадиді 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстанға осы күрес түріндежалғыз алтын медальді алып келді. Шиеленісті финал соңында Пернеш өз эмоциясын жасырмады. Оның айтуынша, бұл алтын — өзінің спорттық жолындағы «ең көп күткен әрі ең қымбат» жеңісі.

57 келіге дейін салмақта финалға шыққан Габит Есжанов ирандық Мохаммад Шиавошимен белдесіп, 6:15 есебімен есе жіберді. Осы нәтижемен ол Сурдлимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан қоржынына үш қола медаль түсті:
• Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) алдымен бейтарап спортшы Алексей Калесныйды 22:8 есебімен жеңіп, кейін Денис Трегубенкомен болған қола үшін белдесуде 11:0 нәтижесімен басым түсті.
• Сабыржан Рсалы (86 кг) грек балуаны Николаос Иосифидисті 16:5 есебімен ұтты.
• Қайратхаан Шонқу (125 кг) үндістандық Ган Шьямды 12:1 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, қола медаль иегері атанды.

97 келіге дейінсалмақтағы қола белдесуінде Бексұлтан Малайдар ирандық Ерфан Саттариге жол берді.

ҚР Ұлттық Сурдлимпиадакомитеттің вице-президенті Азамат Қарлығашев қазақстандық спортшылардың нәтижелеріне жоғары баға берді.

TELEGRAM

По сообщению сайта SportInfo