Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Дата: 20 ноября 2025 в 10:06


Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.

Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.

По сообщению сайта SportInfo