Александр Стубб: «Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр»

Дата: 28 октября 2025 в 15:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында өз үйінде «Астана» велокомандасының жейдесі құрметті орында сақталғанын айтты:

– Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде — ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін  сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр.

Дереккөз: Ақорда

По сообщению сайта SportInfo