Триатлон: Рамазан Айнегов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Дата: 23 октября 2025 в 09:56


Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті.

Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы — қытайлық Ли Янсон, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.

Дереккөз: Olympic.kz

По сообщению сайта SportInfo