Юсуф Мациев грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

Дата: 23 октября 2025 в 09:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті.

Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір екі медаль бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

По сообщению сайта SportInfo