Әуе оқу орталығы мемлекеттік меншікке өтті

Дата: 25 августа 2025 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2025 жылғы 14 тамыздағы Үкімет қаулысымен «Әуе оқу орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша қабылданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Әуе оқу орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін республикалық меншікке сыйға беру шарты бойынша беру туралы ұсынысы қабылдансын», – делінген құжатта.

Мемлекеттік қатысу үлесі ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% көлемде «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның акциялары қабылданды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сурет: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press