Семей қаласындағы ескі көпірдің асфальты толық жаңартылады

Дата: 13 августа 2025 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Берік Уәли Семейді аралау барысында жергілікті халыққа «ескі көпір» атауымен белгілі автогуж көпірінің жолы толық асфальт төселетінін жеткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Апта соңында асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарын бастау қажет. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Бір аптаның ішінде аяқтауды тапсырамын. Кіре беріс жолдарын қоса алғанда 1 шақырымға жуық жерге, алыңдығы 6 сантиметрлік асфальт төселетін болады. Осылайша қаламыздағы екі көпір де толық жаңарады», – деді облыс әкімі.

Осыған дейін Семейдегі аспалы көпірдің жолы мен айналма жолдың асфальт жабындысы толық ауыстырылған болатын. Ескі көпірдегі жұмыстар аяқталғанда облыс орталығындағы қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы арта түспек.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press