Абай облысындағы Алакөл жағалауында 120-дан астам бала жоғалу фактісі тіркелді

Дата: 03 августа 2025 в 07:48

Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туризм маусымы басталғалы бері туристік полицияға кішкентай балалардың жоғалуына қатысты көптеген өтініштер түсуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе адамдар көп жиналатын орталық Арбат аумағында, ата-аналар бір сәтке назардан тыс қалдырған балалар көзден таса болып кетіп жатады. Жазғы маусым басталғалы 126 жағдай тіркелді.

«Барлық жағдайда балалар дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды. Полиция қызметкерлері ескертеді: балаларға қатысты кез келген жағдай ерекше мән беруді қажет етеді. Мұндайда уақытты жоғалтпай, дереу әрекет ету – қауіпсіздіктің кепілі», — дейді тәртіп сақшылары. 

Туристік полиция ата-аналарды қырағы болуға, адамдар көп жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Мемлекеттік шекарада ірі көлемде валюта тасымалдау дерегі тоқтатылды. 

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press