Аягөз қаласындағы қазандықтарды жаңғыртуға қаржы бөлу мәселесі қарастырылады

Дата: 03 марта 2025 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қазандық 57 көп қабатты үй, 13 әлеуметтік нысан, 8 бюджеттік ұйым мен 174 коммерциялық нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Былтыр облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 3 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті.

Өткен жылы қаладағы 4,2 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аудан орталығындағы 10 шақырым жылу желілері жаңғыртуды қажет етеді. «Орталық» қазандығының қуатын арттыру үшін 3 қазандыққа күрделі жөндеу керек.

«Қазіргі таңда облыстық бюджетті қайта қарап жатырмыз. Аягөз қаласындағы қазандықтарды жаңғыртуға қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз» — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы қаладағы «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясына да барды. Мекеменің жоба-жоспарымен танысып, электр жүйелерін жаңғырту жұмысының тұрғындар үшін маңыздылығын атап өтті.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press