Ақтауда құлаған ұшақтан 29 адам тірі қалып, ауруханаға жеткізілді

Дата: 25 декабря 2024 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін, Ақтау маңында Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Осы уақыттағы мәлімет бойынша аман қалған 29 адам, барлығы ауруханаға жеткізілді.  Арасында Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан азаматтары бар. Олардың ішінде 2 бала бар. 11 адам жансақтау бөліміне түсті.

ТЖМ командалық орталығында 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, Ақтау қаласында 8-7292-31-90-91 жедел желі телефондары жұмыс істейді.

Осы сағатта жедел желі телефондарына 272 қоңырау келіп түсті. 

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press