Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды

Дата: 10 декабря 2024 в 20:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Абай облысы ПД ҰҚҚБ бастығы полиция полковнигі Бауыржан Егизбаев

Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сурет: видеодан скриншот, ашық дереккөздерен 

По сообщению сайта Arna Press