Семей қаласының полицейі Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары қатарына енді

Дата: сегодня в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семейлік Дастан Буланов 2024 жылғы «Үздік маман» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дастан Буланов кәсіби біліктілігі, өз ісіне адалдығы мен жоғары деңгейдегі қызметтік дайындығы үшін марапатталды. Ол конкурста заңнаманы білу, практикалық дағдылар мен физикалық дайындық сынақтарынан өтті.

Нәтижесінде оған «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press