Абай облысының тұрғыны зейнеткердің телефоны арқылы 60 000 теңге аударған

Дата: 30 октября 2024 в 14:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көкпекті ауылында полиция  қызметкерлері зейнеткердің банк шотынан ақша ұрлау қылмысын ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынның зардап шегушінің үйінде болған кезде оның телефонын пайдаланып, «Халық Банк» қосымшасы арқылы өз есепшотына 60 000 теңге аударғаны анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған қаражатты жұмсап жіберген.

Күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша соқа дейінгі тергеу басталды, оған бұлтартпау шарасы ретінде келу міндеттемесі таңдалды.

Полиция азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және құрылғылары мен банк деректерін бөтен адамдарға бермеуге шақырады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press