Жарма ауданында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауы, Абай атындағы әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен өңірлік кітапханашыларға арналған «Кітапханалық шаралар бренд ретінде» әдістемелік практикумы өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Практикумда әр ауданнан жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, балаға кітап оқыту мақсатында интернетті қалай тиімді пайдалануға болады деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, насихаттайтын жобалар туралы айтылды. Аталған шара дәстүрлі түрде облысымыздың әр ауданында өткізіліп отыратын болады.
Сондай-ақ, кітапханашылар күні қарсаңында бірнеше жерлесіміз лайықты марапатқа ие болды. Солардың арасында Айгүл Жүнісова мен Ольга Мальцева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Айгүл Жұмабекова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press