Қазақстаннан тікелей рейстер: қайда ұшуға болады?

Дата: вчера в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстаннан қанша елге тікелей рейс бар екені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгінде әңгіме әлемнің 32 елі туралы болып отыр.

Тікелей ұшуға болатын елдер тізімі:

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, РФ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция.

Қазақстаннан халықаралық бағыттар саны 132-ден астам әуе бағытын құрайды; аптасына қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар 778 рейсті орындайды.

Көлік министрлігі «шет мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен ынтымақтастықты кеңейту туралы тұрақты негізде келіссөздер жүргізіп отыратыны» нақтыланды.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press