Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Дата: вчера в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап

Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерден ұрлық жасаған. Күдіктінің жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жігіт телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған.

Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сурет: ҚР ІІМ

По сообщению сайта Arna Press