«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар

Дата: вчера в 15:28 Категория: Новости экономики

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент), Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Жолдауында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта іске қосуды қамтамасыз ету көзделген. Оның ішінде, Табиғи монополиялар саласын реттеудің мүлдем жаңа тарифтік реформасы – «Тарифті инвестицияға айырбастау» ұсынылды.
Осы реформаның бір бөлігі ретінде: — меншік иелерінің есебінен салаға инвестицияны ұлғайту; — табиғи монополиялар және әлеуметтік маңызы бар нарықтар саласындағы қызметкерлердің жалақысының деңгейін арттыру; — табиғи монополиялар саласына озық инновацияларды енгізуді ынталандыру арқылы одан әрі реттеуді жүзеге асыру; — табыстың белгілі бір үлесін сақтай отырып, меншік иелерінің шығындар үлесін қайта бөлу есебінен инвестициялардың ұлғаюы; — тұтынушылар топтары арасындағы тарифтер деңгейін теңестіру жолымен тарифтерді кросс-субсидиялаудан біртіндеп бас тарту; — желілердің тозу көрсеткіштерінің 2030 жылға дейін кем дегенде 15% — ға төмендеуі ұсынылған. Жамбыл облысы бойынша қызмет көрсетуге қатысты негізгі құралдардың тозу көрсеткіштерін талдау бойынша, қызыл аймаққа енгізілілген, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, «Таразтрансэнерго» МКК-ның инвсетициялық бағдарламасын қысқаша тоқталатын болсақ. 
1. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің 2024 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 79,04% құрайды. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС инвестициялық бағдарламасы Департаментпен және Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2021 жылғы № 46-НК 2021-2025 жылдарға арналған бірлескен бұйрығымен бекітілген, жалпы сомасы — 5 740 474,0 мың теңге, оның ішінде 2024 жылға 1 176 897 мың теңге.
2024 жылы 1 318 589,2 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарламаға қосымша іс-шаралар бекітілді (аудандардағы желілерді қайта жаңартуға жалпы ұзындығы — 154,01 км), бұл тозудың 1,3% — ға төмендеуіне әкеледі.
Жалпы 2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның сомасы — 2 495 486,2 мың теңге. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы келесі іс-шараларға бағытталған, атап айтқанда: — кернеуі 35-110 кВ жабдықтарды сатып алуға; — кернеуі 6-10 кВ жабдықтарды сатып алуға; — электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін сатып алуға бағытталған.
2. «Таразтрансэнерго» МКК 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 67,8% — құрайды.
«Таразтрансэнерго» МКК инвестициялық бағдарламасы Департаментпен және Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2021 жылғы № 113-НК 2022-2026 жылдарға арналған бірлескен бұйрығымен бекітілген, жалпы сомасы – 860 647,18 мың теңге, оның ішінде 2024 жылға 119 103 мың теңге.
2023 жылы бюджет қаражаты есебінен «Тараз қаласы, Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелеріндегі М-1 жылу магистралін қайта жаңарту» 858 905,29 мың теңге сомасына қосымша іс – шаралар бекітілді. Жылыту кезеңінің басталуына байланысты 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі мерзімдер ауыстырылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы бюджет қаражаты есебінен Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелері бойынша ТЭЦ-4 жылу көзінен өтетін жалпы ұзындығы 6,76 км М-1 магистралінің жылуын реконструкциялауға жалып соммасы 7 091 930 мың теңге ақша бөлінген, оның 6 382 740 мың теңге соммасы республикалық бюджеттен, 709 190 мың теңге жергілікті бюджеттен, бұл тозудың орташа 5% — ға төмендеуіне әкеледі. Осы іс-шаралар бойынша Департаментпен 2024 жылға 858 510 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарламаға қосымша іс-шара бекітілді.
2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы — 1 836 519 мың теңге, оның ішінде 858 905,29 мың теңге 2023 жылдан 2024 жылға ауыстырылған.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясат реформасын іске асыру бағытында Департаментпен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп жұмыстар жалғасуда.
Қалдыбай Мүслім, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары

По сообщению сайта Магнолия