23-25 қыркүйегі аралығында Абай облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Бұл шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау.
Іс-шара жазалау сипатында емес, алдын алу сипатында жүргізіледі. Себебі әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ, құқық бұзушының өзі де, басқа да адамдар да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Сонымен қатар, заңнамада борышкерлер әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге құқылы екендігі көзделген.
«Сондай-ақ, айыппұл уақытында төленбеген жағдайда, айыппұл салу туралы қаулылар мәжбүрлеп орындатуға жолданатынын және оларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылатынын ескертеміз», — делінген Абай облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press