«Мерейлі отбасы» республикалық байқауында Абай облысының атын қорғаған Смағұловтар отбасы лауреат атанды

Дата: 09 сентября 2024 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысының намысын республикалық байқауда қорғаған отбасы лауреат атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтарды дамытуға және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған. Биыл байқау 11-ші рет өткізілді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 3 369 өтінім берілді.

«Мерейлі отбасы 2024» байқауының лауреаттары Абай облысынан Смағұловтар отбасы атанды.
 

«Әулеттің атасы — Ертай Смағұлов. Ол 1933 жылы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының ардагері. Оның немересі — полиция капитаны Дастан Ерсаев — Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының аға криминалисі. Ол 2016 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінде.
 

Биыл оның отбасы облыстық байқаудың финалына шығып, республикадағы үздік отбасы ретінде таңдалды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press