Қазақстандағы қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынбақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
КТК телеарнасының ақпараты бойынша, ЖКО жиі орын алатын аумақ пен уақыт аралығы, сондай-ақ көлік қарқындылығы қай кезеңде басым болатындығы анықталды.
«Осыған байланысты 8-ден 11 аралығында және 15-тен 18-ге дейін Самара-Шымкент автожолының 965-ші шақырымы, Қарабұтақ кентінен Ақтөбе қаласына дейін сүйемелдеу ұйымдастырылады».Ақтөбе облысы ПД басқармасының бастығы Айдос Құлжанов
Телеарнаның мәліметінше, тәулігіне Самара – Шымкент тас жолымен 16 мыңнан астам көлік өтеді, бірақ жолдың жай-күйі аса көңіл көншітпейді. Ол 20 жыл бойы жөнделмеген.
Фото: unsplash
По сообщению сайта Arna Press