Астана тұрғындары TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот үкімі бойынша, 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам табыс тауып «Зарик» атты құмар ойын өткізді.
Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды.
Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады», — делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press