Абай облысының полицейлерімен 54 есірткі құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Дата: 12 августа 2024 в 14:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қарасора» ЖПІШ өткізудің өткен кезеңінде Абай облысының түрлі аудандарында 54-тен астам есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында қылмыстық топтардың, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, контрабандамен және өсірумен айналысатын олардың ұйымдасқан нысандарының қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2024» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Нәтижесінде 4 қылмыскер ұсталып, 68 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде:

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүліктері тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Жыл басынан бері Абай облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы саласындағы 147 құқық бұзушылықтардың жолын  кесті. 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі бизнесі саласындағы қызметі тоқтатылды. Облыс аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу үшін есірткі тобына 4 қатысушыны тартқан көшбасшы анықталды. Аймаққа 1 фито-зертхана және 2 есірткі жеткізудің жолы кесілді» — деді Абай облысы  ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков .

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press