«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Дата: 06 августа 2024 в 19:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 тамызында басталады. Қатысу шарттары жақын күндері Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, 2023 жылы осы бағдарлама арқылы 41 азамат баспаналы болды.
Фото: pixabay.com

По сообщению сайта Arna Press