Синоптиктер 30 шілдеде href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыда, href="https://aqparat.info/city/38328-shymkent.html">Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман болады. Таңертең және түстен кейін облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +35...+38°C. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында — төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күннің соңына қарай күн райы бұзылып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Күндіз қалада күн қатты ысиды: +36...+38°C. href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыда күннің соңына қарай, күн райы бұзылып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 18 м/с. Күндіз қатты ыстық болады: +36°C.
Күндіз href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с, күндіз сынап бағаны: +35...+37°C. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырауда оңтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 16 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +35...+36°C. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады, облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде сынап бағаны қатты көтеріледі: +35...+37°C. Талдықорғанда күндіз найзағай болад, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. href="https://aqparat.info/city/38328-shymkent.html">Шымкентте төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +37°C. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейде күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +35°C. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде күннің екінші бөлігінде күн райы бұзылып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +35°C. Орал қаласында күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Ұлытау облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, оның облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың батысында қатты ыстық болады: +35°C. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде түстен кейін, 31 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында аптап ыстық болады: +38°C. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде, соның ішінде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі жоғары болады. href="https://aqparat.info/city/38341-taraz.html">Таразда 30-31 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 30-31 шілдеде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде алдағы сейсенбіде, 2024 жылы 30 шілдеде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатыны, найзағай ойнап, жел тұрып, жаңбыр жауатыны хабарланған болатын.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press