Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды

Дата: 29 июля 2024 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен. Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған. Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.

Сурет: ашық дереккөздерден

 

По сообщению сайта Arna Press