Абай облысында суда жеті адам құтқарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында жеті адамды құтқарды. Оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім.
Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді.
Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Сурет: ҚР ТЖМ
По сообщению сайта Arna Press