Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 23 шілдесінен бастап еңбек демалысында, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Ақпаратты 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», — деп жазылған хабарламада.
2022 жылы Тоқаевтың демалысы тамыз айында болған. Ал 2021 жылы Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында төрт күн демалды.
Сурет: akorda.kz
По сообщению сайта Arna Press