21 шілдеде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жүгіруден жарыс өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Марафонға кәсіби спортшылар да, жақында ғана жүгіруді жанына серік еткен жаңдар қатысты. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей мен Қырғызстан мемлекетерінен келді.
Семейдегі старт қала орталығындағы Абай алаңында берілді. Қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп өтті.
«Қала өте әдемі. Семей бізге бүгін шуағын шашып тұр. Дистанциямды толық жүгіріп шықтым. Бұл өз алдыма қойған мақсат болды, соған жеттім. Ұйымдастырушыларға рахмет», — дейді Астана қаласынан келген қатысушы Зарина Аргынбаева.
Марафонда 21 км, 10 км, 5 км, 2 км (балалар қашықтығы) және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтары болды. Барлық жүлдегерлер медальмен, грамотамен, ақшалай сертификатпен және қосымша сыйлықтармен марапатталды. Жарысты сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға финишер медалі беріледі.
Іс-шара өткізілгеннен кейін ұйымдастырушылар старт өткен әр қалада тегін жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.
«Бүгінгі марафонға мыңға жуық адам қатысты. Барлық финишерлер бастапқы нөмірді, футболка мен такияны сыйлық ретінде алды. Барлық марфонда әр өңірде өзінің ерекшелігі болады, Абай облысында бұл ерекшелік — тақия. Сондай ақ, футболкаларға Абайдың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек... » өліңінің шұмақтарын жаздық», — дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, қатысушылар бастапқы жарна үшін төлейтін қаражаттың бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың қатысуына бағытталған.
Айта кетейік, бұл Семейдегі жүгіру QAZAQ MARATHON 2024 сериясындағы екінші бастамасы. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің түрлі өңірлерінде бес жүгіру іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Ал қазіргі уақытта QAZAQ MARATHON TALDYQORGAN-ға тіркеу ашылғанын айта кеткен жөн.
Сурет автордікі
По сообщению сайта Arna Press