ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды

Дата: 19 июня 2024 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press